Найзағай, аптап ыстық және тұман: 6 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде антициклон ықпалымен құрғақ әрі ашық ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, ал солтүстікте және шығыста дауылды жел соғуы мүмкін. Солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысында күндіз аптап ыстық болады – температура +35°C дейін жетеді.