Аптап ыстық: 6 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК 6 шілде күні Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АСТАНА

Жауын-шашын болжанбайды. Күндіз ауыспалы бұлтты болады, батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз +26…+28°, түнде +14…+16° болады.

АЛМАТЫ

Түнде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +31…+33°, түнде +22…+24°. Қалада өрт қаупі жоғары.

ШЫМКЕНТ

Қалада құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады: ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 8–13 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +20…+22°, күндіз +35…+37°.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің кейбір өңірлерінде температура шекті жоғары мәндерге дейін көтерілуі мүмкін. Сол себепті тұрғындар сақтық шараларын сақтап, күн астында ұзақ жүрмегені жөн.