Қазақстанда киіктерді қыруға рұқсат беру туралы петиция пайда болды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда азаматтар киік атуға рұқсат беруді талап етіп, арнайы петиция құрды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Петиция авторлары Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында киік санының күрт артуы төтенше жағдай деңгейіне жеткенін алға тартады.

- Сонымен қатар, киіктің саны Павлодар, Абай облыстары сияқты басқа өңірлерде де қарқынды өсіп жатыр. Бұл мәселенің бүкіл ел аумағына таралуына нақты негіз, - делінген петицияда.

Авторлардың айтуынша, үкімет деңгейінде киікке аңшылыққа салынған мораторийді алып тастау мәселесі бұрын талқыланған. Киіктер өте жылдам көбейеді. Түрлі дереккөздер бойынша, олардың саны әртүрлі болғанымен, тіпті ең төменгі есептің өзінде Урал популяциясындағы киік саны 400 мың басқа жеткен. Бұл жануарлар тіршілік ететін аумақ  еліміздің агросекторы жалпы өңірлік өнімнің үштен бірін құрайтын ауыл шаруашылығы бағытындағы облыстар.

- Біздің өтінішімізді дұрыс түсінгендеріңізді қалаймыз: біз табиғи фаунаны жоюға қарсымыз. Қазақстанда осындай сирек кездесетін жануар түрінің сақталғанына мақтанамыз. Біз тек азық-түлік дақылдары егілген егістіктерден оларды үркітіп, жайылымдарды ұсынып, оларды сол жерге бағыттауды қолдаймыз. Алайда! Киіктер сыртқы жағдайларға тез бейімделеді. Бұрын олар адам не көлікті көрсе қашып кететін, кез келген дыбыстан үркетін. Қазір мұндай шаралардың әсері азайған: киік сәл алыстап, кейін қайта оралады. Тек өміріне қауіп төнген жағдайда ғана егістіктерден біржола кетеді, — делінген петиция мәтінінде.

Петиция авторлары үкіметтен мына мәселелерді қарастыруды сұрайды:

  • Киік аулауға салынған мораторийді алып тастау, нақты лимит пен ережелерді белгілеу;
  • Ұлттық аңшылық түрін (таза тұқымды тазы иттермен) заңдастыру және тек еркек киіктер мен биылғы төлдерді атуға рұқсат беру мүмкіндігін қарастыру.

САРАПШЫ НЕ ДЕЙДІ

Еске салайық, бұған дейін азаматтық белсенді, жануарларды қорғау бойынша сарапшы Сәкен Ділдахмет киіктерді ату қауіпті екенін айтқан болатын.