Қазақстанға қай елден қандастар көптеп келіп жатыр

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

2025 жылдың басынан бері ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында еңбек ресурстары артық өңірлерден жұмыс күші тапшы аймақтарға 2 202 адам көшірілді. Оның ішінде 1 091-і қандас, 1 111-і ел ішінде қоныс аударушылар. Жыл соңына дейін тағы 9 653 адамды көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЙ ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРДЫ

Павлодар облысына – 672 адам

Солтүстік Қазақстан облысына – 532 адам

Қостанай облысына – 330 адам

Ақмола облысына – 215 адам

Шығыс Қазақстан облысына – 214 адам

Абай облысына – 145 адам

Атырау облысына – 90 адам

Ұлытау облысына – 4 адам

ҚАНДАСТАР ҚАЙ ӨҢІРДЕН КЕЛДІ

Өзбекстаннан – 396 адам

Моңғолиядан – 310 адам

Қытайдан – 286 адам

Ресейден – 52 адам

Басқа елдерден – 47 адам

ЕҢБЕК ЕТУ

Жаңа өңірге қоныс аударғандардың ішінде 790 адам еңбекке жарамды жаста. Олардың 374-і тұрақты жұмысқа орналасса, 10 адам кәсіпкерлікпен айналысып жатыр. Қоныс аударушылар денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және басқа да салаларда еңбек етуде.

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ

Бағдарлама аясында қоныс аударушылар мен жұмыс берушілерге мынадай қолдау көрсетіледі:

Көшуге берілетін бір реттік субсидия – отбасы басы мен әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде;

Тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерді өтеу үшін ай сайынғы субсидия – 12 ай бойы, отбасы мүшелерінің саны мен орналасқан елді мекенге қарай 15-тен 30 АЕК-ке дейін;

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолдама беру;

Жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлікті дамытуға қолдау;

Экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.

Сонымен қатар, өңіраралық қоныс аударуға жағдай жасаған жұмыс берушілерге, қызметкерді тұрақты жұмысқа кемінде 2 жылға алып, баспанамен қамтамасыз еткен жағдайда, әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде бір реттік субсидия қарастырылған.