Батыс Қазақстанда жүздеген киікті қырып тастады

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

1 қыркүйекке дейін тек аталық киіктерді атылып жатыр, кейін аналықтар мен төлдерді де қырып тастамақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан облысының аумағында бөкендерді ату жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ аңшылар бөкендердің еті мен тұяғын өзіне ала алмайды, деп жазады mgorod.kz. Жануарларды жою үшін 40 маманнан құралған төрт арнайы бригада жұмысқа тартылған. Бүгінге дейін 500-ден астам еркек бөкен атып өлтірілген.

– Процесс мынадай тәртіппен жүзеге асады: арнайы бригадалар тапсырыс жасап, реттеу орнына барып, бөкендердің өлексесін рефрижераторлармен алып кетеді. Мүйіздері кесіледі, таңбаланып, нөмірленеді, кейін Алматыдан келген арнайы бригада қызметкерлері оларды сақтау үшін алып кетеді. Ал “аңшылар еті мен мүйізін өзіне ала алады” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда бөкен етін өңдеуді тек төрт кәсіпорын ғана бастап отыр, – деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахимжанов.

САРАПШЫ НЕ ДЕЙДІ

Еске салайық, бұған дейін азаматтық белсенді, жануарларды қорғау бойынша сарапшы Сәкен Ділдахмет киіктерді ату қауіпті екенін айтқан болатын.