Астананың Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында өткен тыңдау кезінде прокурорлар Перизат Қайраттың шетелде оқымағанын және бірнеше дипломы бар деген мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Прокурор Мадина Оразалинаның айтуынша, Перизат Қайраттың жоғары білімі жоқ.
– Қайрат Перизат 1991 жылғы 5 шілдеде Ақтөбе облысында туған. Тұрмыста емес. Бұрын таратылған “Biz Birgemiz – Қазақстан – 2030” қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы әрі басшысы болған. Психиатриялық не наркологиялық есепте тұрмайды. Білімі – аяқталмаған орта, – деді прокурор сот залында.
Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушылар сот процесіне шығармашылық тұрғыда келген – өз баяндамаларын презентация түрінде ұсынған.