Ресейлік "Татнефть" Атырау облысындағы позициясын күшейтуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Атырау облысында жылына 186 мың тонна бутадиен өндіретін зауыттың құрылысы басталмақ. Кәсіпорынды іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Инвестиция көлемі – 1 миллиард АҚШ долларынан асады.
ЖОБА ТАРИХЫ
OilgazKZ мәліметінше, ресейлік компания (75%) мен "Самұрық-Қазына" (25%) арасындағы бірлескен кәсіпорын 2021 жылдың қарашасында құрылған. Екі жылдан кейін мемлекеттік қордың үлесі "Татнефть" компаниясының басқаруына берілген.
ӨНДІРІС
Жоба Қазақстандағы шикізатты жергілікті деңгейде өңдеуді дамытуға және мұнай-химия саласында интеграцияланған тізбек құруға бағытталған. Бутадиен ішкі нарық пен экспортқа арналған шиналар, резеңке-техникалық бұйымдар мен пластик өндірісінде қолданылады.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін "Татнефть" компаниясының бас директоры Наиль Маганов Орталық Азиядағы үш мұнай компаниясымен – SOCAR, "ҚазМұнайГаз" және "Өзбекмұнайгазбен" консорциум құрылғанын хабарлаған болатын.