Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінің бағасын жариялады. Киік етінің бір келісі 1600 теңге деп белгіленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЕТ БАҒАСЫ
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров еттің нақты бағасы 10 күн ішінде анықталатынын айтқан еді. Сондай-ақ ол бұл жұмысты экология министрлігі үйлестіріп отырғанын еске салды. Қазіргі таңда елде 18 ет өңдеу кәсіпорны тіркелген, киік еті сол мекемелерге жеткізіледі, ал өнім сапасын ветеринар мамандар бақылайды.
КИІКТЕРДІ ҚЫРУ
Бұған дейін Батыс Қазақстанда жүздеген киікті қырып тастаған болатын. 1 қыркүйекке дейін тек аталық киіктерді атылып жатыр, кейін аналықтар мен төлдерді де қырып тастамақ.
БЕЛСЕНДІЛЕР НЕ ДЕЙДІ
Ал экобелсенділер киік санын "реттеуге" қарсы.