Қазгидромет ескертті: алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҢБЫР

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі. 17 шілдеде – батыста, 18 шілдеде – солтүстік-батыста, 18–19 шілдеде – солтүстікте, 19 шілдеде – республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

ТЕМПЕРАТУРА

Алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 41–44°С дейін, оңтүстік-шығысында 42–43°С дейін күтіледі. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. 18–19 шілдеде еліміздің оңтүстігінде 45–46°С дейін аптап ыстық күтіледі.
Солтүстік өңірлерде түнгі температура 8–18°С дейін, күндізгі температура 17–25°С дейін төмендейді.