Әйелін бірнеше жыл бойы азаптап, соққыға жықты деп айыпталған экс-дипломат Сәкен Мамаш алты жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КАРИНАНЫҢ ОҚИҒАСЫ
Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаш Астанада ұсталғанын хабарлаған едік.