Ресей Қазақстанға аңызға айналған нысанды қайтарды

Сырым Қаржас
advantour.com

Ресей Байқоңырдағы "Гагарин старты" алаңын Қазақстанға тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағындағы аңызға айналған “Гагарин старты” алаңын Ресейден қабылдап алды. Алдағы уақытта бұл нысанда музей ашылуы мүмкін — қазір бұл мәселені мемлекет қарастырып жатыр.

НЫСАН ТУРАЛЫ

ТАСС мәліметінше, №1 алаң — “Гагарин старты” — Байқоңырдың ең көне ұшыру кешені. Дәл осы жерден Жердің алғашқы жасанды серігі ғарышқа ұшырылған. Сондай-ақ 1961 жылғы 12 сәуірде дәл осы алаңнан Юрий Гагарин отырған “Восток” кемесі ғарышқа аттанған. Қазіргі таңда бұл алаң бұрынғы мақсатта қолданылмайды.

КОНТЕКСТ

“Гагарин старты” алаңын Қазақстанға беру туралы әңгіме 2023 жылдан бері қозғалып келген. “Роскосмос” бұл жерде ғарыш техникасы қойылатын музей ашуды жоспарлағанын мәлімдеген болатын. Сонымен қатар ведомство бұл тарихи кешенді ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізуді ұсынған, бұл бастаманы Қазақстан тарапы да қолдаған.

Айта кетейік, Ресей Қазақстаннан Байқоңыр ғарыш айлағын және Байқоңыр қаласын жалға алып отыр. Бұл келісімшарт 2050 жылға дейін ұзартылған. Қазақстан билігі бұл келісімді қайта қарауға негіз көріп отырған жоқ.