Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары Каннда өткен қайырымдылық шарасына қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Нұрәлі Әлиев Каннда түсірілген ұлымен бірге түскен суреттерін жариялады.
БАҚ мәліметінше, кешке Дариға Назарбаева да қатысқан.
ҚАНША ТҰРАДЫ?
Бұл шараға бір адамның билеті – 12-20 мың еуро, ал 12 адамдық бір үстел – 120-200 мың еуро аралығында сатылған.
КОНТЕКСТ
Knights of Charity атты гала-кеш 17 шілдеде Круа-де-Гард сарайында өтті. Бұл – жыл сайын өтетін, дәстүрге айналған шара. Биыл ол төртінші рет ұйымдастырылды.
Оған танымал жұлдыздар мен ірі бизнесмендер жиі қатысады. Биыл кеш барысында бірнеше балаларға көмек көрсететін ұйымдарға қомақты қаражат жиналды. Олардың қатарында: