Белсенді Санжар Боқаев пен адвокат Мұрат Адамның экс-әкім Ерболат Досаевтың отставкаға кетуін талап етіп, митинг ұйымдастырмақ болған еді. Алайда әкімдік бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермеді. Алматы қаласының сотында әкімдіктің бұл шешіміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІС
Сотта Алматы қаласының әкімдігіне Мұрат Адам және Санжар Боқаевтың бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруден бас тарту туралы қаулыны даулау туралы әкімшілік ісі сотта қаралды.
АДАМ МЕН БОҚАЕВ НЕ ТАЛАП ЕТТІ
Адам мен Боқаев соттан Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы алаңда 2025 жылғы 24 мамырда бейбіт митинг өткізуге келісуден бас тартылған қаулысының күшін жоюды және заңсыз деп тануды сұраған. Бейбіт митингтің мақсаты ретінде«Алматы әкімі Досаевтың кетуін талап етеміз!» тақырыбы бойынша қоғамдық ұстанымды білдіру көрсетілген.
СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ
Сот көрсетілген күні алаңда жөндеу жұмыстары жоспарланғанын анықтаған. Сонымен қатар, митингтер өткізуге арналған басқа арнайы алаңдарда, атап айтқанда саябақта және «С» кинотеатрының артындағы алаңдамерекелік іс-шаралар жоспарланған еді.
- Осы жағдайларда Алматы қаласы әкімдігінің бас тартуы Қазақстан Республикасының «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына негізделген, ол іс-шара өткізу орнының басқа шаралармен бос еместігінебайланысты бас тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сот 2025 жылғы 24 мамырда, яғнимитинг өткізуге сұралған күні, Алматы қаласыныңәкімі Д.-ның қызметінен босатылғанынескеріп, митингтің жарияланған мақсатының өзектілігі жойылғанын назарға алды, делінген сот хабарламасында.
СОТ ШЕШІМІ
Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, сот Алматы қаласы әкімдігінің әрекеттері құзыретшегінде жасалған және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келеді деген қорытындыға келген.
Сот шешімімен талап-арызды қанағаттандырудан бас тартылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін қоғам қайраткері Санжар Боқаев пен адвокат Мұрат Адам Алматы әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап ететін митинг өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған едік. Алайда Досаев отставкасын талап еткен белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бермей қойды.
ОТСТАВКА
Ал Ерболат Досаев 24 мамырда Алматы әкімі қызметінен босатылды. Оның орнына қала басшысы болып Дархан Сатыбалды тағайындалды.