Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейді кінәлап, жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әзербайжанның бас прокуроры Кямран Алиевтің айтуынша, ресейлік тарап Ақтаудағы AZAL ұшағының атып түсірілуі мен апатына қатысты тергеу нәтижелерін әзірге ұсынбай отыр. Ол сондай-ақ Бакудің өзінде бұл трагедияға қатысты барлық дәлел толық жиналғанын атап өтті, оқиғаның мән-жайы түгел анықталған. Алиевтің сөзінше, Әзербайжан бұл мәселеде Қазақстанмен үйлесімді жұмыс жүргізуде.
– Олар бізге тергеу нәтижелерін әзірге нақты түрде ұсынған жоқ. Сараптама жүргізіліп жатқаны, тергеудің жалғасып жатқаны және тергеу әрекеттерінің орындалып жатыр дейді. Алайда біз өз тарапымыздан тергеудің алғашқы кезеңінен бастап жеткілікті дәлелдерге иеміз. Біз оқиғаның мән-жайынан жақсы хабардармыз және қажетті дәлелдердің бәрін жинадық. Ресей тарапы тергеудің барысы мен нақты нәтижелері, сондай-ақ қылмыс жасаған тұлғаларды жауапқа тарту туралы ақпаратты жақын арада бізге ұсынады деп үміттенеміз. Дегенмен біз бұл әрекет әдейі жасалды деп ашық мәлімдеп отырған жоқпыз, – деп келтіреді Алиевтің сөзін Report.
АҚТАУДАҒЫ ҰШАҚ АПАТЫ
Еске салайық, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) бет алған әзербайжандық AZAL әуе компаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы құлап, борттағы 67 адамның 29-і аман қалып, 38-і қаза тапты.