Сирия Түркиядан әскери көмек сұрады

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Сирия Түркиядан әскери көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

«Anadolu» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сирия билігі Түркиядан қорғаныс және терроризммен күресте көмек сұраған.

– Сирия билігі Түркиядан қорғаныс әлеуетін нығайтуға және барлық террористік топтармен, ең алдымен «Ислам мемлекетімен» күресуге көмектесуді сұрады, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

ТҮРКИЯ РЕАКЦИЯСЫ

Түркия сыртқы істер министрлігі «Анкараның басты мақсаты – Сирияның территориялық тұтастығы мен саяси бірлігі» деп мәлімдеді.

Бұған қоса, көмек сұрау туралы өтініштен кейін Түркия Сирияның қорғаныс әлеуетін нығайту үшін техникалық қолдау, оқу-жаттығу, консультативті жұмыстар жалғаса беретінін хабарланды.

АСАД РЕЖИМІНІҢ ҚҰЛАУЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚАҚТЫҒЫС

Сирияны ұзақ уақыт билеп-төстеген Башар Асад режимі былтыр желтоқсанда құлаған. Елде билік басына «Хайят Тахрир әш-Шам» тобы келді. Башар Асад отбасымен бірге Ресейге қашып кетіп, сол елден баспана алды. 2025 жылы сәуірде Сирияның қазіргі билігі Мәскеу Башар Асадты беруден бас тартқанын хабарлады.

Сирияда билік ауысқанымен, әлі күнге дейін  елде әртүрлі саяси және диаспоралық топтар арасында әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Кейінгісі Сирияда тұратын друздар бедуин тайпалары мен билік әскерімен қақтығысқан. Друздарды қолдаған Израиль армиясы Сирияның әскери нысандарын атқылаған.