Аштық жайлаған Газа: қақтығыс ошағынан ақпарат таратқан журналистерге қауіп төніп тұр

Ulysmedia
Фото: Anadolu

BBC, AFP, AP және Reuters сияқты басылымдар Газа секторынан ақпарат таратып жатқан журналистердің қиын жағдайы туралы бірлесіп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

— Газадағы қақтығыстан ақпарат таратып жатқан журналситер қазір аштық қаупіне тап болып отыр және репортаждарында көрсеткен адамдар басына түскен қиын тағдырға олар да тап болып отыр, — делінген ВВС, Agence France-Presse (AFP), Associated Press (AP) және Reuters агенттіктерінің бірлескен мәлімдемесінде.

Израиль Газа аумағына шетелдік журналистерді кіргізбейді. Сол себепті халықаралық ақпарат агенттіктері жергілікті журналистермен жұмыс істеуге көшкен.

ГАЗАДАҒЫ АШТЫҚ

– Азық-түліктің өңір халқына жеткілікті көлемде түсуі өте маңызды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін халықаралық гуманитарлық және құқық қорғау ұйымдары Газаны жаппай аштық жайлап бара жатқанын айтып, мәлімдеме жасаған.

ҚАҚТЫҒЫС

Израиль мен ХАМАС арасындағы қарулы қақтығыс 2023 жылғы 7 қазанда, ХАМАС және «Исламдық жихад» қарулы топтары (АҚШ пен Еуроодақ террористік ұйым деп таныған) Газа секторынан Израильді жаппай зымыранмен атқылап, Израиль аумағына басып кіріп, адамдарды жаппай өлтіріп, жүздеген адамды кепілге алып кеткеннен кейін басталған. Бұған қарымта ретінде Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады. Кейіннен ЦАХАЛ әскери күштерін Газа секторына кіргізді.