Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты атышулы іске қатысты үкім шыққаннан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Журналистер адвокат Асланбек Дәулетияровтан сотта «Nur Otan» партиясының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті шақыру туралы мәселе көтерілді ме деп сұрады.
– Жоқ, тараптардың ешқайсысы ондай өтініш білдірген жоқ, – деп жауап берді адвокат.
Айта кетейік, бұған дейін сот отырыстарының бірінде Перизат Қайрат Biz Birgemiz қорының құрылтайшыларын шақыртуды сұраған болатын. Ол қайырымдылық қорының партия жанынан, Байбектің басшылығымен құрылғанын тікелей атап өтті.
САЯСИ АСТАР МА
Осы жағдайдан кейін қоғамда, оның ішінде журналистер арасында бұл іске "саяси реңк беріліп отыр" деген пікірлер жиі айтыла бастады. Алайда адвокат Асланбек Дәулетьяров бұл пікірмен мүлде келіспейді.
– Бұл істе қандай саяси астар болуы мүмкін, егер ол жалпы қылмыстық сипаттағы, мүліктік сипаттағы құқықбұзушылық болса? Мен бұл істің саясатпен байланысы бар деп есептемеймін, – деді ол.
СОТ ҮКІМІ
Еске салайық, бүгін Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға сот үкімі шықты.