Қазақстандағы айырбастау пунктілерінде доллар қаншадан сатылып жатыр

Сырым Қаржас
Freepik

Еліміздің ірі қалаларында долларды орта есеппен 548-549 теңгеге сатып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан мегаполистеріндегі доллар бағамы:

  • Астана: сатып алу – 542 теңге, сату – 549 теңге;
  • Алматы: сатып алу – 546,5 теңге, сату – 549 теңге;
  • Шымкент: сатып алу – 545 теңге, сату – 548 теңге.

Еске салайық, бұған дейін америкалық қаржы талдаушысы Джулиан Уэст теңге қазіргі таңда өз құнын жоғалтып отырғанын айтқан еді.

Джулиан Уэсттің сөзінше, доллардың нақты бағамы – 505 теңге болуы керек. Алайда теңгеге инфляция мен экономикалық құрылымдық тәуекелдер қысым жасап отыр.