Танымал уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол апатына ұшырады. Бұл жайында әлеуметтік желі қолданушысы Mega Kz Facebook-тегі парақшасында хабарлап, апатқа ұшыраған көліктің суретін де жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
– Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы ұстаз жол-көлік апатына ұшырапты. Алла тағала тезірек сауығып кетуін нәсіп етсін. Дұғада болайық, – деп жазды ол.
ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
Исламтанушы Елдос Жұмаділдә Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жағдайы туралы Telegram-дағы парақшасында жазды.
– Жаңа ғана Нұрсұлтан ұстаздан шықтық. Барлығы жақсы. Әрине, апат болғандықтан жарақаттар бар, бірақ уайымдайтын ештеңе жоқ. Уайымдаған баршаңыздан Алла разы болсын, – деп жазды ол.
АНЫҚТАМА
Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы — еліміздегі танымал уағызшы. Ол ислам дінін насихаттап, халық арасында шариғат, отбасылық тәрбие, рухани тәрбие секілді тақырыптардағы уағыздарымен танылған.
Әлеуметтік желілерде де белсенді, оның Instagrma-дағы парақшасында 1 миллионға жуық оқырманы бар.