Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: оқиға орнынан жаңа кадрлар тарады

Сырым Қаржас
Видео кадры

Жамбыл облысының полиция департаменті Шавкат Рахмоновтың әйелі түскен жол апатының видеосын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖОЛ АПАТЫ

27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңыздағы «Алматы-Екатеринбург» автожолының 299-шақырымында «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөліктің жүргізушісі Қарағанды облысы жағынан Алматы қаласы бағытына қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, автокөлік аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

ТЕРГЕУ

Аталған дерекке қатысты «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау және оқиғаның нақты себептерін объективті зерттеу үшін барлық қажетті шараларды жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

БҰҒАН ДЕЙІН 

Еске салайық, бұған дейін аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, даңқты спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Жамбыл облысында ауыр жол апатына ұшырағанын хабарлаған едік