Bek Air ұшағыны апаты: тергеу қайтадан басталады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Bek Air ұшағы апатына қатысты тергеу қайта басталатынын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкіметтегі баспасөз конференциясы кезінде 2019 жылдың соңында Алматыда болған Bek Air ұшағы апатына қатысты тергеу мәселесін түсіндірді.

Министрден бұрынғы ведомствоның бұрынғы басшысы Марат Қарабаевтың бұл іс бойынша тергеу қайта жүргізілуі мүмкін деген мәлімдемесіне қатысты пікір сұралды.

– Өкінішке қарай, авиацияда мұндай оқиғалар жиі кездеседі және нақты шешім табу өте қиын. Авиациялық апаттар, өкінішке қарай, ұзақ уақыт бойы зерттеледі. Қазір барлық құжаттар дайындалып жатыр, – деді Сауранбаев.

Министр нақтылау сұрағына жауап бере отырып, тергеу қайта басталатынын растап отыр.

ҰШАҚ АПАТЫ

2019 жылғы 27 желтоқсанда Bek Air компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жоспарлы ішкі рейсті орындау кезінде апатқа ұшыраған. Әуеге көтерілген сәтте ұшақ биіктігін жоғалтып, оңға бұрылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, Гүлдала ауылы маңындағы тұрғын үйге соғылған.

Ұшақ бортында 98 адам (93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі) болған. Апат салдарынан 15 адам қаза тапты.