Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады

Сырым Қаржас
pixabay.com

Алдағы күндері 41 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУА РАЙЫ

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының аумағындағы ауа райын солтүстік антициклон айқындайды. Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі, ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр болжанады. Тек батыс өңірде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі.

ТЕМПЕРАТУРА

Батыс өңірде күндіз +30…+37°С-тан +36…+41°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі. 4 тамызда оңтүстікте ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы +5…+13°С, күндіз +15…+20°С-қа дейін төмендейді.