"Қазгидромет" РМК 3 тамыз күні Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райына қатысты болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Астанада күн бұлтты болады, жаңбыр және кей жерлерде найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +11…+13 °C, күндіз +19…+21 °C шамасында болады. Желдің екпіні 20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Алматыда да ауыспалы бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +16…+18 °C, күндіз +28…+30 °C дейін жылы болады. Желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшейеді.
Ал Шымкентте, керісінше, жауын-шашынсыз. Түнгі температура +18…+20 °C, күндізгі температура +33…+35 °C-қа дейін көтеріледі. Жел 13 м/с шамасында соғады.