Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шілде айындағы жұмыс қорытындыларын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы шілде айында Қазақстанда 17 құқықбұзушылық фактісі тіркелген. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша сараланған:
СОТҚА ЖІБЕРІЛГЕН ІСТЕР
Барлығы 16 қылмыстық іс сотқа жолданды. Олар мына баптар бойынша:
МҮЛІККЕ ТЫЙЫМ САЛУ
Қызмет өкілдерінің айтуынша, тергеуі аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген 113,6 млн теңге залал өтелген, ал жалпы сомасы 619,1 млн теңгеге мүлікке тыйым салынған.
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін екі адамға 471,84 мың теңге көлемінде сыйақы берілген.