Шавкат Рахмоновтың әйелі «қорғануға құқығы бар куә» ретінде тергеліп жатыр

Ulysmedia
фото: Offside.kz коллажы

UFC-де өнер көрсететін танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонова екі әйелдің өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасы бойынша «қорғануға құқығы бар куә» ретінде тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір азаматшадан «қорғану құқығы бар куә» ретінде жауап алынды. Ол Алматыдағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Тергеу шараларының қорытынысына сәйкес оған қатысты қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - делінген Жамбыл облысының полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Контекст

28 шілдеде Алматы-Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылы маңында болған Toyota Land Cruiser көлігі апатқа ұшырған. Кейіннен көлікті жекепе-жек спортшысыШавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова басқарғаны белгілі болған. Көлік салонында Рахмонованың ұлы және екі құрбысы болған. Апат салдарынан екі әйел қаза болған.