Қазақстан Газа секторынан алты азаматын эвакуациялады

Мейірман Лес
Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Газа секторынан елдің алты азаматын сәтті эвакуациялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

МӘН-ЖАЙ

Күрделі операция Иордания мен Израильдегі Қазақстан елшіліктерінің, сондай-ақ осы елдердің билігі мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Шекара бекеттерінен өткен соң эвакуацияланғандар Амман әуежайына жеткізіліп, отанға ұшып кетті.

Олардың бәрі қауіпсіз жерде.

Қазақстан СІМ қақтығыс аймағындағы жағдайды бақылап отыр және Газа мен Палестинада жүрген қазақстандықтармен байланыста. Дипломатиялық өкілдіктер қажет болған жағдайда әрі қарай да көмек көрсетуге дайын.