Америкалық танымал әнші Дженнифер Лопестің командасы Up All Night туры аясында тағы да Қазақстанға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әнші командасының мүшелері Алматыға ұшып келіп, қаладан түсірілген суреттерін әлеуметтік желіде бөлісті.
Дженнифер Лопестің бэк-вокалистерінің бірі Шэрон Янгблад жариялаған видеода Қазақстанда отбасымен демалғысы келетінін айтты.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Бұл тур аясында Қазақстанға екінші рет келуіміз. Мен мына сұлулыққа қатты таңғалдым. Бұған дейін Астанада да таңданған едім, бірақ қазір бүкіл Қазақстанның керемет екенін түсіндім. Мұнда болғаныма өте қуаныштымын. Демалыс кезінде қайта келуім керек. Отбасымды түгел осында алып келуім керек, – деді ол.
Еске салайық, жақында Астанада аншлагпен концерт берген Дженнифер Лопес 10 тамызда Алматыда да өнер көрсетеді.
Шоу Орталық стадионда өтеді.
Концерт билеттері толық сатылып кетті. Оларды АҚШ пен Жапониядан бастап, БАӘ мен Канадаға дейінгі 35-тен астам елдің көрермендері және мыңдаған қазақстандық сатып алған.