"Росатом" Қазақстанда АЭС салатын орынды әлі таңдамаған

Мейірман Лес
Ulysmedia.kz коллажы

"Росатом" Алматы облысында атом электр станциясын салу үшін үш алаңды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысының символдық түрде басталғанына қарамастан, "Росатом" оның нақты қай жерде бой көтеретінін әлі анықтамаған. Қазір үш ықтимал орын қарастырылып отыр. Ал жобаны қаржыландыру схемасы белгілі: Қазақстанға қажет 15–16 млрд долларды Ресей қарыз түрінде береді.

— Қазіргі таңда құрылыс алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы белгіленді. Сол аумақта үш ықтимал орын таңдалып, әрқайсысында тиісті инженерлік зерттеулер жүргізіледі, — деді Қазақстан Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов RTVI-ға берген сұхбатында.

КОНТЕКСТ

8 тамызда Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылыс жобасын бастауға арналған салтанатты рәсім өтті.