Үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смаиылов үкімет мемлекет басшысының жолдаудағы тапсырмасы қалай орындағалы жатқанын айтып берді, деп хабарлайды деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Үкіметтің қаржы-экономикалық блогының жұмысы мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: президенттің инфляцияны белгіленген дәліздерге қайтару тапсырмасын іске асыру мақсатында Үкімет 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенін қабылдады. Бұл шаралар кешені шеңберінде бағалардың өсуін тежеуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін ұлғайтуға бағытталған жедел және жүйелі сипаттағы 64 шаралардың іске асырылуы көзделген», - деді ол.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Жалпы, қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды.
«Микро және шағын бизнеске жүктемені азайту мақсатында еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізіледі. Бұл осы төлемдерді есептеу мен төлеу тәртібін оңайлатуға, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорына түсетін жалпы жүктемені 2023 жылдан бастап 34%-тен 25%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - дейді вице-премьер.