Қарағандыда 2023 жылы 46 кеншінің өмірін қиған Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
2023 жылдың 28 қазанында Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 кенші қаза тапқан еді. Тергеу нәтижесінде қайғылы жағдайға өндірістегі қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы себеп болғаны анықталды. Бұл үшін кәсіпорынның басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері жауапқа тартылды.
СОТ ҮКІМІ
Сот барлығы тоғыз адамды кінәлі деп таныды. Ең ауыр жаза – 8 жылға бас бостандығынан айыру – шахта директоры Сергей Мустивкоға тағайындалды. Ал өндіріс бойынша директордың орынбасары Вадим Еремин, бас инженер Николай Грознов және №6 учаскенің бастығы Виктор Коптенков 7 жылға сотталды.
Техникалық қызметтің қазба жұмыстары жөніндегі бас инженерінің орынбасары Владимир Гонноченкоға 6 жыл 6 ай түрме жазасы кесілді. Ал еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бас инженердің орынбасары Дмитрий Федоренко, бас механик Дмитрий Коцар және шаң-жарылысқа қарсы қорғау жөніндегі учаске бастығының көмекшісі Виталий Пестряк 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Конвейерлік көлік учаскесінің бастығы Төлеген Ғабдушев пен желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің бастығы Владимир Шишканов 5 жылға сотталды.