Полиция Нұрлан Смағұловтан 4 млрд теңгеге көлік сатып алмақ болды

Мейірман Лес
Ulysmedia

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Astana Motors-қа тиесілі Hyundai Trans Kazakhstan ЖШС-нен құны 4 млрд теңгеден асатын 198 автокөлік сатып алуды жоспарлаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz CMN.kz-ке сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Келісімшарттың жалпы сомасы 4 084 553 000 теңге деп бағаланған. Сатып алу 5 жылға жоспарланып, лизингтік сыйақы мөлшерлемесі 12,6%-дан аспауға тиіс болған. Алайда сатып алу “жарамсыз” деп танылды.

Құжаттарда көрсетілген техника тізімі:

  • Hyundai Elantra 1.6AT — 103 дана, әрқайсысы 13,5 млн теңге;
  • Hyundai Tucson 2.0AT 4WD — 31 авто (18,2 млн), 25 авто (17,3 млн);
  • Hyundai Staria — 6 дана, бағасы 22,5–23,5 млн теңге аралығында;
  • Hyundai Sonata 2.5AT — 30 көлік, 16,99 млн теңгеден;
  • Hyundai Palisade 3.5AT 4WD — 2 авто, 36 млн теңгеден;
  • Hyundai Mighty EX9 эвакуатор-манипуляторы — 68,2 млн теңге.

Бұл — ШҚО-ның Hyundai Trans Kazakhstan-нан көлік сатып алуға жасаған екінші әрекеті, бірақ конкурсқа бірде-бір өтінім түспеді, тіпті Смағұловтың өзі де қатыспаған.

АНЫҚТАМА

Hyundai Trans Kazakhstan – Astana Motors-тың еншілес ұйымы. Компания иесі Нұрлан Смағұлов Forbes Kazakhstan тізімінде 990 млн доллар байлығымен 8-орында тұр.