Қазақстанда 17 тамызға арналған ауа райы болжамы

Мейірман Лес
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 17 тамызда еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болатынына болжам ұсынды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АСТАНА

Елордада ауыспалы бұлтты, жаңбыр мен найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +12…+14 °C, күндіз +18…+20 °C болады.

АЛМАТЫ

Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18 °C, күндіз +28…+30 °C.

ШЫМКЕНТ

Шымкентте ауыспалы бұлтты, құрғақ ауа райы сақталады. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 °C, күндіз +28…+30 °C болады.