"Бұл – қудалау". Алматыда полиция Бақытжан Төреғожинаны ұстады

Мейірман Лес
әлеуметтік желі

Алматыда полиция қызметкерлері белгілі құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаны ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ?

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, Төреғожинаны таңертең ерте Ганди атындағы саябақта ұстаған. Онда митинг өтуі мүмкін деген ақпарат болған.

– “Оны “Қазақстанның демократиялық таңдауы” ісі бойынша куәгер ретінде сұраққа алды. Тергеуден кейін полицейлер Төреғожинаны үйіне апарды. “Ал сұрақ-жауаптан соң Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мені ғимараттан күштеп шығарып жіберді” дейді адвокат, – деп жазды журналист Данияр Молдабеков.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өзі болса, болған жағдайды қысым деп атады.

– Бұл – мені құқық қорғау бойынша қызметім үшін қудалау! Билік мені қорқытып, үнсіз қалдыру үшін не істерін білмей отыр! Мені Қазақстан ҚК-нің 405-бабы бойынша тыйым салынған ұйымға қатысты қылмыстық іс аясында куәгер ретінде жауап алды, бірақ бірде-бір сұрақ қоймады! Мені полицияның артқы ауласынан шығарып, күштеп үйіме жеткізді, қолдау білдіруге келгендермен жолықтырмады! Елімізде не болып жатыр өзі? – деп жазды Төреғожина.

АНЫҚТАМА

Бақытжан Төреғожина – қазақстандық белгілі құқық қорғаушы, қоғам қайраткері, “Ар.Рух.Хақ” қоғамдық қорының жетекшісі. Ол билік әрекеттерін жиі сынап, елдегі адам құқықтарының бұзылуына мониторинг жүргізіп келеді.

Еске салайық, 31 шілдеде сот Бақытжан Төреғожинаға әкімшілік айыппұл салған еді. Оған Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты “жалған ақпарат таратты” деген айып тағылған.