"Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 тамызға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АСТАНА
Елордада күн бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13 °C, күндіз +19…+21 °C шамасында болады.
АЛМАТЫ
Оңтүстік астанада да күн бұлтты, найзағаймен өткінші жаңбыр жауады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 °C, күндіз +25…+27 °C болады.
ШЫМКЕНТ
Елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, бұлт аралас ашық күн райы күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20 °C, күндіз +30…+32 °C болады.