Ақмола облысында ұшақ апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Мейірман Лес
t.me/kozachkow

Бүгін, 17 тамызда Ақмола облысында Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Аталған рейс жалпы мақсаттағы авиация аясында орындалған, өрт шықпаған.

Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, оқиға орнына Көлік министрлігінің Апаттарды тергеу департаментінің қызметкерлері аттанды.

Сонымен қатар желілік полиция басқармасы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, екі адамның қаза тапқанын растады.

– Екі адам – ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апаттың себептері анықталып жатыр, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

АНЫҚТАМА

Aerostar R40F – Румынияда Aerostar компаниясы Бacăú‑де шығарған “ултражеңіл” (microlight) және жеңіл‑спорттық ұшақ. Ол дайын күйінде жеткізілетін, алюминийден жасалған екі орындық, төмен қанатты, екі жаққа қатар қойылған кабинасы бар ұшақ; тұрақты үш жетекті шасси және Rotax 912ULS (100 hp) төрт‑цилиндрлі қозғалтқышы орнатылған.