Ернар Жиембай өзіне тағылған айыпты толық мойындамады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке “қастандық жасады” деп айыталған Ернар Жиембайдың соты жалғасып жатыр. Ол айыпты ішінара мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖИЕМБАЙ НЕ ДЕЙДІ

Ернар Жиембай сот жарыссөзінде өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады. Ол “Адам өлтіруге ниетім болған жоқ” деді. 

Жиембай осыған дейін сотта айтқан сөздерінде қалатынын айтты. 

- Құрметті сот, мені ҚК 25-бабына сәйкес, аяқталған қылмыс ретінде саралауыңызды сұраймын. ҚК 106-бабымен үкім шығаруыңызды сұраймын, - деді ол. 

Жиембай істеген ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Айта кетейік, бұған дейін прокурор сотталушы Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады

ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Ернар Жиембайға қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

28 шілдеде Шымкенттегі сотта әкімнің орынбасарына, бұрынғы мәжіліс депутаты Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша атышулы сот процесі басталды. Айыпталушы Ернар Жиенбай 6 тамызда өткен сот отырысында оқ ату жеке себептерден туындағанын алға тартты. Оның айтуынша, Руслан Берденов оның жұбайына көңіл білдіріп, жылы сөздер жазылған жеке хабарламалар жіберген.

Бір күні әйелінің телефонына «Сен сұлусың» деген хабарлама келген. Ол хабарламаны Берденов жіберіпті. Кейін Берденов Жиембайдың суретіне лайк қойған.