Бүгін, 19 тамыз күні Абай облысы Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Toyota автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан небәрі он метр қашықта тұрған үйдің қақпасының алдында тұрған балаларды қағып кеткен.
ҚАЗА ТАПҚАНДАР
Екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы бірі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.
Үшеуі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
ЖҮРГІЗУШІ
Жүргізуші ұсталды, сараптама оның мас болмағанын анықтады. Оқиға орнында полиция мен жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр.
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен балаларға шұғыл көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-транспорт ұшағы жіберілді. Ұшақ бортында медицина бригадасы бар, оның ішінде: реаниматолог, нейрохирург және травматолог.