Абай облысының Үржар ауданында болған жол апатына байланысты арнайы комиссия жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ
19 тамыз таңертең Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Полиция дерегінше, Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың небәрі он метрдей жерінде тұрған балаларды қағып кеткен. Соның салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Үш бала жансақтау бөлімінде жатыр.
БИЛІК РЕАКЦИЯСЫ
Өңірлік әкімдікте қаза тапқандардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға барлық қажетті қолдау көрсетілетінін, сондай-ақ психологиялық және материалдық көмек берілетінін мәлімдеді.
— Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Жағдай ерекше бақылауда, — деді әкімдік өкілдері.