Үржарда жантүршігерлік жол апатынан аман қалған балалардың жағдайы белгілі болды

Сырым Қаржас
Известия / Дмитрий Коротаев

Абай облысы Үржар ауданындағы Бестерек ауылында болған жантүршігерлік жол апатынан аман қалған балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Абай облысының Үржар ауданында ЖКО-дан зардап шеккен балаларға бүгінгі таңда барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. 

Облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан тұратын мультидисциплиналық бригада диагностикалық зерттеп-қараулардың барлық кешенін жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, жедел емдеу жоспарын жасады. 

ЗАРДАП ШЕККЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуі тұрақты ауыр деп бағалануда. 

Пациенттер жағдайының ауырлығы алынған жарақаттарға байланысты.  Балаларда бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған. 

Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешілетін болады. 

Пациенттердің біріне дәрігерлер бригадасы қазір миға күрделі нейрохирургиялық операция жасауда, ішкі ағзалардан қан кету тоқтатылды. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

19 тамыз таңертең Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Полиция дерегінше, Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың небәрі он метрдей жерінде тұрған балаларды қағып кеткен. Соның салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Үш бала жансақтау бөлімінде жатыр.