Үржардағы жол апаты: зардап шеккен екі бала палатаға ауыстырылады

Сырым Қаржас
Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаров Абай облысындағы Бестерек ауылында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕКІ БАЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Министр Кеше Астана қаласының №2 көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған екі баланың жағдайымен танысты. 

Жарақаттық шок жағдайында, жіліншік, қол жарақаттарымен түскен зардап шеккен баланы тұрақтандыруға қол жеткізілді және бүгін ол реанимациядан кәдімгі палатаға ауыстырылады, деп хабарлады бөлімше дәрігерлері. 

- Біздің балаларымыздың денсаулығы мен өмірі басты басымдық болып табылады. Мемлекет оларды қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен кішкентай пациенттерді құтқаруға жедел қатысқан дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Балаларға тезірек сауығып кетуін, ал туыстарына — осы қиын уақытта күш пен шыдамдылық тілеймін, - деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

АРНАЙЫ БОРТ

Еске салайық, 20 тамызда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шыққан болатын

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

19 тамызда таңертең Үржар ауданының Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты болды. Полиция дерегінше, Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдың небәрі он метрдей жерінде тұрған балаларды қағып кеткен. Соның салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болды.