10 көлік ойнатып жатқан блогер Жанәбіловтің ұтысы тексерілетін болды

Сырым Қаржас
Видео кадры

10 көлік ойнатып жатқан блогер Ерболат Жанәбіловтің ұтысы тексерілетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. 

- Оларға қатысты материалдар әрі қарай шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік орган – Туризм және спорт министрлігіне қарасты, Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне жолданды, дейді ҚМА Ұлысмедиаға берген жауабында. 

ҰТЫС

Айта кетейік, үш күн бұрын блогер Ерболат Жанәбілов әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына 10 көлік сыйлайтынын хабарлаған болатын. Ойынға қатысу үшін арнайы шарттары бар. 

Артынша медиа мамандар уәкілетті органдарды блогерді тексеруге шақырған болатын.