Франция президенті қазақ тілінде жазба жариялады

Сырым Қаржас
Ақорда

Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы әңгімесі туралы айтты. Келіссөз барысында екі ел көшбасшылары Украинадағы соғыс пен стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Макронның айтуынша, Қазақстан президентімен арадағы әңгіменің негізгі тақырыбы – елдер арасындағы стратегиялық байланыстарды одан әрі нығайту. Әсіресе көлік және энергетика салаларына ерекше көңіл бөлінді. Француз лидері 2023 жылдың қарашасында Астанаға жасаған сапарын және Тоқаевтың былтыр Парижге барған жауапты сапарын еске салды.

Келіссөздердің жеке тақырыбы Ресейдің Украинадағы соғыс болды. Макрон халықаралық жағдайдың бірлескен талдауын қажет ететінін атап өтті. Сонымен қатар, Оңтүстік Кавказдағы келіссөздер де сөз болды.

Айта кетейік, Тоқаевпен әңгімесі жайлы хабарламаны Макрон әлеуметтік желі X парақшасында қазақ тілінде жариялады.