Қазақ көмірі рекорд орнатты: «Шұбаркөл Премиум» нарыққа қандай өзгеріс әкелді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

2025 жылдың шілдесінде «Шұбаркөл Премиум» компаниясының теміржол арқылы көмір тасымалдау көлемі 416 мың тонна болды, бұл көрсеткіш кәсіпорын тарихындағы рекорд болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕКОРДТҚА ТОЛЫ ШІЛДЕ АЙЫ

Еске салайық, шығынға батқан компанияны өткен жылдың қазан айында қазақстандық кәсіпкерлер Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимов сатып алған болатын. Сол кезде-ақ көмір өндіру көлемі ұлғайып, 2028 жылы 5 млн тоннаға жететіні мәлімделген. «Шұбаркөл Премиум» өкілдерінің айтуынша, тарихи рекордқа өндірісті жаңғыртудың арқасында қол жеткізілген.

Жеті айдың қорытындысы бойынша жалпы жөнелтілген көмір көлемі 1,3 млн тонна болды. Оның ішінде: Қызылжар стансасынан – 244 мың тонна, Шұбаркөл стансасынан – 1 млн тоннадан астам.

Компания акционерлерінің стратегиялық басқаруы мен жүйелі инвестицияларының нәтижесінде биыл айтарлықтай өзгерістер болды:

  • өндіріс жаңғыртылды;

  • жаңа жабдықтар сатып алынды;

  • жаңа теміржол желісінің құрылысы жүріп жатыр;

  • заманауи теміржол таразы жүйесі орнатылуда.

- Бұл шаралар кәсіпорынға өнім сапасын айтарлықтай арттыруға ғана емес, жаңа даму кезеңіне шығуға да мүмкіндік берді. 2025 жылы кәсіпорын 3 миллион тоннадан астам көмір өндіруді жоспарлап отыр, – деп атап өтті «Шұбаркөл Премиум» АҚ баспасөз қызметі.

ҚАЖЕТТІЛІКТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Кәсіпорынның өнімдеріне ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұраныс бар: Еуропаға төмен күлділігі мен жоғары калориялылығы бар көмір қажет болса, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан нарығында өнеркәсіпте, энергетикада және коммуналдық-тұрмыстық секторда қолданылатын, күлділігі жоғары әрі калориясы төмен көмірге сұраныс жоғары.

Бүгінде «Шұбаркөл Премиум» – өзінің атын қайта жаңғыртып қана қоймай, Қазақстандағы көмір саласындағы сәтті трансформация мен прогрестің символына айналған қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Компания әртүрлі тұтынушы сегменттерінің қажеттілігін нақты сұраныстарға сай өнім ұсынып, тиімді қанағаттандырып отыр.

Сонымен қатар «Шұбаркөл Премиум» сапаға селективті тәсілді қолдана отырып, ең күрделі тапсырыс берушілердің талаптарына да сай өнім ұсына алады. Кәсіпорынның ашық саясаты көптеген серіктестерді тартты, олар өндірушімен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

ЖАҢА ИЕЛЕРІ ЖӘНЕ АМБИЦИЯЛЫ МАҚСАТТАР

«Шұбаркөл Премиум» АҚ Қарағанды облысында көмір өндірумен айналысады. 2024 жылдың қазан айынан бастап компанияға қазақстандық кәсіпкерлер Кеңес Рақышев пен Шухрат Ибрагимов иелік етеді. Олар кәсіпорынды тең жағдайда сатып алған: компания акциясының 50%-ы Рақышевке, 50%-ы Ибрагимовке тиесілі.

ТАРИХЫ

2023 жылы компания кірістің азаюын көмірге деген сұраныстың төмендеуімен байланыстырған. Сол жылы сатылым көлемі табиғи көрсеткіш бойынша 26%-ға қысқарды. Соның нәтижесінде, 2022 жылмен салыстырғанда шығын 4 млрд теңге болды.