Кондитер Нұршат Ақбергеновамен дауласқан блогер Аселина сотқа келмеді

Сырым Қаржас
Видео кадры

Кондитер Нұршат Ақбергеновамен дауласқан блогер Аселина Батыр сотқа келмеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы кондитердің адвокат Аржан Сәдуақас хабарлады. 

- Күні кеше іс бойынша татуласу рәсімі өтті. Өкінішке қарай, Аселинаның өзі мен өкілі процеске қатыспады. Мен және Нұршат қана қатыстық. Енді іс мәні бойынша қарауға беріледі, яғни даудың өзіне қатысты талқылау жүргізіледі. Шамамен екі аптадан кейін алғашқы процесс басталады. Міне, жағдай осылай. Өкінішке қарай, оның неге қатыспағаны, неге елемегені түсініксіз. Негізі, бұл сотқа да, процеске қатысушыларға да құрметсіздік. Жалпы, сот тәжірибесінде бұлай жасалмайды. Ең болмаса, «қатыспаймын» немесе «тақырыппен келіспеймін» деп жазып ескертеді, дейді адвокат. 

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Жуырда қазақстандық қана емес, шетелдік ақпарат құралдарының да назарын өзіне аудартқан ерекше оқиға болды. Астаналық кондитер Нұршат Ақбергенова танымал блогердің мерекелік кешіне 600 мың теңгенің тортын дайындап берген. Алайда оның айтуынша, блогер Аселина Батыр ақысын төлеуден бас тартқан. Тараптар арасындағы дау ақыры сотқа дейін жетті.

СҰҚБАТ

Бір айдан астам уақыт төрелігі айтылмаған даудың жай-жапсарын «Қаракөз» подкастына келген Нұршат Ақбергенованың өзі айтып берді. Ulysmedia.kz бас редакторы, подкаст жүргізушісі Самал Берікқызымен болған ашық сұқбатта кондитер өз кәсібінің қызығы мен шыжығын, бір қарағанда оңай көрінгенімен, түптеп келгенде өз қиындықтары бар кондитер саласының бүге-шігесін жасырмай айтып берді. 

Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia-ның YouTube-арнасынан қарай аласыздар.