Жасөспірім ата-анасының көлігін айдап, оқушы қызды қағып кеткен

Сырым Қаржас
Видео кадры

Жәбірленуші тараптың адвокаты Айбек Суюндуков жасөспірім «ГАЗель» маркалы көлікті айдап кетіп, 14 жастағы қызды қағып кеткен жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адвокаттың түсініктемесі

«Omirbolat, Suyundukov & Assauova» адвокаттық кеңсесінің серіктесі Айбек Суюндуков Форт-Шевченкода орын алған жасөспірімнің көлік айдап кетіп, 14 жастағы қызды қағып кеткен ісіне байланысты пікір білдірді.

Облыстық полицияның ресми түсініктемесіне сәйкес: «Жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы және ҚК-нің 345-бабы бойынша екі іс қозғалды».

– Егер БАҚ-та жарияланған ата-ананың ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны шындыққа жанасса, онда Түпқараған аудандық полиция бөлімі әкімшілік құқықбұзушылыққа дұрыс құқықтық баға берген, – деді Айбек Суюндуков Lada.kz-ке.

Қылмыстық бапқа қатысты пікір

Адвокат ҚК-нің 345-бабы бойынша (көлік құралын жүргізушілердің жол жүрісі немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы) іс қозғаудың заңдылығына да тоқталды. Оның пікірінше, алдын ала тергеуді жүргізіп отырған орган бұл бап бойынша қылмыстық іс қозғамауы тиіс еді.

– Жасөспірімнің ата-анасы бұл қылмысты жасаған жоқ, рөлде басқа адам болғаны тергеу барысында анықталды. ҚР ҚК-нің 4-бабына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартудың жалғыз негізі – қылмыстық құқықбұзушылықты тікелей жасаудың өзі, – деді адвокат.

Оқиға туралы 

25 маусым күні Форт-Шевченкода жасөспірім ата-анасына тиесілі «ГАЗель» көлігін айдап кетіп, 14 жастағы қызды қағып кеткен. Жәбірленуші түрлі жарақатпен 28 шілдеге дейін ауруханада жатты. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы және ҚК-нің 345-бабы бойынша екі іс қозғалған.