Алматыда жер сілкінісі болды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда жер сілкінісі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖЕР СІЛКІНІСІ

Сейсмикалық станциялар желісі 2 қыркүйек күні сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеді.

ЭПИЦЕНТР

Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Тереңдігі – 5 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12.3.

МАГНИТУДА

Магнитудасы MPV 5.7. Сезілуі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында – 2 балл.