Үкімет инфляцияны 5–6% деңгейіне дейін төмендетеді

Динара Жарқынбек
Ulysmedia.kz коллажы

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет отырысында инфляцияны төмендету үшін қабылданатын шараларды жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрдің айтуынша, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шаралар тарифтік саясатпен бірге қайта қаралады. Негізгі басымдық – ішкі нарықтың теңгерімділігін қамтамасыз ету, нарықты өніммен толықтыру және тауарлардың шетелге артық әкетілуіне жол бермеу. Қосымша бастамалардың бірі – «инвестицияларға тапсырыс». Бұл қадам отандық өнім өндіретін көптеген шағын өндірістер ашуға мүмкіндік бермек. Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны жақын уақытта 5–6% деңгейіне дейін төмендетуді көздейді.

Сонымен қатар, Жұманғариннің айтуынша, экономиканы ырықтандыру аясында кәсіпкерлікке кедергілерді азайту үшін заңнама жеңілдетіледі. Ал әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қайта құрылып, өңірлерде тиімді активтерді басқаратын институтқа айналады.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның жоғары деңгейін Қазақстандағы басты экономикалық проблема деп атап, оны тежеу қажет екенін айтқан еді.