Қазақстанда жағдайы бар көпбалалы отбасыларға да көмек көрсетіледі

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда жағдайы бар көпбалалы отбасыларға да көмек көрсетіледі. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҰРАҚ

“Сіз осыған дейін, парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң Қазақстанда жағдайы бар көпбалалы отбасыларға да көмек көрсетіледі деген едіңіз. Бұл өзгеріс қашан күшіне енеді?”,  – деп сұрады журналист. 

ЖАУАП

Министр қазақстандықтар көмекті тек мұқтаж жағдайда ғана алмауы керегін айтты. 

- Мысалы егер азамат төрт ай бойы ауырып қалса, үйінде кіріс болмаса. Үш баласы болып мүмкіндігі болмаса мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған жоқ. Сондықтан егер мұқтаждық болса, оны мемлекет тарапынан жабуымыз керек. Тек көпбалалы отбасылар емес, басқа да санатта жүрген азаматтарға көмек пен қолдау керек, дейді Жақыпова. 

Оның сөзінше, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуде баланс керек. 

- Ол тек көмекті алып отырған кісілер ғана емес. Заңды түрде салық төлеп отырған азаматтарға да көмекті дұрыстап беруіміз керек, дейді министр.