Қазақстанда коммуналдық қызметтерді төлеу тәртібі өзгеруде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Krisha порталының жазуынша, енді барлық қызмет үшін бірыңғай төлем құжаты енгізіледі. Оны өңірлердегі Бірыңғай есептеу орталықтары (БЕО) қалыптастырады. Жаңашылдық 20 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
НЕ ӨЗГЕРЕДІ
Бұдан былай бөлек түбіртектер болмайды — жарық, су, қоқыс шығару және басқа да қызметтердің барлығы бір құжатта көрсетіледі. Бұл әсіресе өңірлер үшін ыңғайлы болмақ;
Төлем құжатын электронды түрде жеке кабинет арқылы алуға болады, ал қалағандар үшін қағаз нұсқасы да сақталады;
Барлық қаражат алдымен БЕО-ның арнайы транзиттік шоттарына жиналады, кейін үш күн ішінде қызмет көрсетушілерге аударылады.
МАҢЫЗДЫ
Коммуналдық қызметтерді төлеудің бірыңғай мерзімі белгіленді: есептік айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төленуі тиіс.