"Аутизмі бар балаларды өлтіру керек" деген блогер кешірім сұрады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде "аутизмі бар балаларды өлтіру керек" деп пікір жазған блогер кешірім сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Блогер видеоны көріп, “өте ауыр пікір жазғанын” айтады. 

- Бірақ мен аутист балалардың ата-аналарына жалпы жүректеріне тиеді деген арам оймен айтпадым. Мен де эмоцияға беріліп, ашулықпен жазып қойдым. Бәрі бала асырап отырғандықтан бала жайлы жүрекке батады екен. Ауыр айтқаным үшін аутист балалардың ата-анасынан кешірім сұраймын. Мен жаман оймен айтпадым. Ашуға беріліп, ойланбай айтып қойдым, дейді блогер. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін блогер Райхан Жұмамұратованың мәлімдемесі әлеуметтік желіде үлкен резонансқа себеп болған еді. Ол аутист балалар көшеде жүрмеуі керек деп, тіпті “емдету керек, емделмесе өлтіру керек, болмаса аутизмге арнап аурухана ашу керек” деген болатын.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.